Хайбер-Пахтунхва провинциясында 25 наурыздан бері толассыз жауған жаңбыр мен соның салдарынан болған лай көшкінінен кемінде 45 адам көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жергілікті билікке сілтеме жасаған Geo телеарнасының хабарлауынша, тағы 105 адам жарақат алды.
Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, тұрғындардың басым бөлігі су шайған нысандардың құлауынан зардап шеккен. Жалпы 442 үйге зақым келген, оның ішінде 60 тұрғын үй толықтай қираған.
Ведомство 6-9 сәуір аралығында тағы да қатты жаңбыр жаууы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, табиғи апат қаупі жоғары аймақтарға бармауға кеңес берді.