Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданындағы «Шөптікөл» бөгеті бұзылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
“Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу үшін жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарын жоюға Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі мен жол қызметтерінің күштері жұмылдырылды”, - делінген әкімдік хабарламасында.
Бөгетті қалпына келтіру жұмысына жалпы саны шамамен 170 адам және 43 техника тартылған. Қазіргі уақытта бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары атқарылып жатыр.