homepage
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қамбар-Ата-1 ГЭС жобасы: үш ел келіссөздерді бастады

05.04.2026, 17:24

Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері қатысқан келіссөздердің алғашқы кезеңі өтті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Энергетика министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар Қамбар-Ата-1 гидроэлектр станциясын салу жөніндегі үкіметаралық келісім жобасын талқылады.

“Бұл жоба Орталық Азия үшін маңызды бастама саналады. Қамбар-Ата-1 ГЭС Қырғызстан аумағындағы Нарын өзенінде салынып, қуаты 1880 МВт болады деп жоспарланып отыр. Негізгі мақсат - аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікті күшейту”, – делінген хабарламада.

Келіссөздер жалғасады

Кездесу үш елдің энергетика саласына жауапты өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сонымен қатар Дүниежүзілік банк жобаның негізгі қаржылық серіктестерінің бірі ретінде бақылаушы ретінде қатысты.

Тараптар келіссөздерді жалғастырып, құжаттың барлық тармақтарын бірлесіп пысықтауға уағдаласты.

Келесі кездесу 2026 жылдың сәуір айында Ташкент қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.