Иранда 28 ақпаннан бері жалғасып жатқан әскери соққылар салдарынан 30-дан астам университет бомбалауға ұшырап, 60 студент қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
SNNTV телеарнасының хабарлауынша, әуе шабуылдары елдің бірқатар жоғары оқу орындарын қамтыған. Осы жағдайға байланысты Иранның ғылыми қауымдастығы билікке қолдау білдіргені айтылды.
Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы бірлескен әскери операция бастаған болатын. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына зымыран соққыларын жасап, Парсы шығанағындағы АҚШ әскери базаларына шабуылдады.
Аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты бірқатар ел әуе кеңістігін уақытша жапты. Сондай-ақ сол күні Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи әуе соққылары салдарынан қаза тапқаны хабарланған еді.