Табиғат оянып, айнала құлпырған көктем мезгілі сән әлеміне де өзіндік жаңалықтарын ала келді. 2026 жылдың көктем-жаз маусымында подиумдар мен көше сәнінің басты символы нәзік қызғылт «blush pink» түсі болмақ. Vogue France сарапшыларының пайымдауынша, бұл реңк биыл жаңа қырынан танылып, кез келген стильге мінсіз үйлесетін әмбебап сипатқа ие болмақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Нәзіктік пен батылдықтың үндестігі
Бұрын «blush pink» тек қуыршақ бейнесіне немесе тым нәзіктікке тән түс ретінде қабылданса, дизайнерлер биыл бұл таптаурын пікірді бұзып отыр. Қазіргі сән үлгілерінде нәзік қызғылт түс тек әйелдіктің нышаны емес, сонымен қатар батылдықтың белгісіне айнала бастады. Дизайнерлер оны негізгі гардероб элементтерімен, тіпті қызыл, көк және қанық қоңыр сияқты қарама-қайшы реңктермен шебер үйлестіріп, ерекше образдар жасауға кірісті.
Blush Pink биылғы көктемгі киімнің ажырамас бөлігі болады. Сіз оны жеңіл көйлекпен немесе жібек жейдемен ғана емес, миди-белдемше, кең свитер, тіпті спорттық кроссовкамен де кие аласыз. Нәзік қызғылт түс бейнеңізге жеңілдік пен сергектік сыйлайды. Оны кеңседегі ресми стильде де, қалалық еркін стильде де (casual) сенімді түрде қолдануға болады.
Сұлулық индустриясын жаулаған түс
Blush pink тренді тек киіммен шектеліп отырған жоқ. Бұл нәзіктік аксессуарлар мен аяқ киімнен бастап, сұлулық индустриясына (beauty) дейін еніп кетті.
Жұмсақ қызғылт сөмкелер, нюд-қызғылт түсті маникюр мен көзге арналған жұмсақ бояулар (shadows), бәрі біртұтас, үйлесімді әрі жылы образ жасауға мүмкіндік береді.
Биылғы маусымда нәзік қызғылт реңк тек сән белгісі емес, ішкі үйлесім мен табиғи сұлулықтың басты көрінісіне айналмақ.