homepage
Depositphotos.com

АҚШ-та көлік жүргізушісі мерекеге жиналған жұртты басып өтпек болған

05.04.2026, 12:31

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Луизиана штатында лаостық Жаңа жыл мерекесі өтіп жатқан жерде жеңіл автокөлік қалың топқа басып кірген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Reuters агенттігінің жергілікті қызметтерге сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға салдарынан 15 адам зардап шеккен.

Зардап шеккендердің 13-і ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы туралы ақпарат түскен жоқ.

Фестиваль ұйымдастырушылары зардап шеккендерге көңіл айтып, жоспарланған барлық іс-шаралардың тоқтатылғанын хабарлады.

Иберия Пэриш округі шерифі кеңсесінің мәліметінше, күдікті оқиғадан көп ұзамай ұсталды. Оның мұндай әрекетке бару себептері әзірге анықталып жатыр.