homepage
polisia.kz

Атырау облысында полиция қызметкерлері соққыға жығылды

05.04.2026, 11:19

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жас жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 3 сәуір күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған.

Қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшылары көшеде ішімдік ішкен азаматтарға ескерту жасаған. Алайда олар қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлеріне күш қолданған.

Аталған жайтқа қатысты пікір білдірген облыстық ПД өкілдері оқиға салдарынан екі полиция қызметкерінің зардап шеккенін мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар тұлғалардың барлығы анықталып, бірқатары ұсталды, қалғандары іздестірілуде. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану» бабымен қылмыстық іс тіркелді”, – делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция заң өкілдеріне қарсы кез келген заңсыз әрекет жауапкершілікке әкелетінін ескертті.