homepage
Juzmedia.kz

Балаларды терезеден құлаудан қорғайтын қарапайым ережелер

04.04.2026, 17:49

Көктем шығып, күн жылынған мезгіледе балалардың терезеден құлау қаупі де артады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлардың басым бөлігі балалардың ересектер қарауынсыз қалуынан болады. Сондықтан қарапайым сақтық ережелерін сақтау бала өмірін қорғаудың ең тиімді жолы болып қалмақ.

Қауіптің алдын алу үшін не істеу керек?

ТЖМ мамандары келесі қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді:

  • Баланың терезені өздігінен ашып кетпеуі үшін арнайы құлыптар орнату;
  • Терезе маңына бала мініп шығуы мүмкін жиһаздарды жақын қоймау;
  • Қорғаныс құралдары жоқ москит торларына сенбеу;
  • Ашық терезесі бар бөлмеде баланы ешқашан қараусыз қалдырмау;
  • Балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріп, торға сүйенуге болмайтынын ескерту.

Ата-аналарға маңызды ескерту

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-ананың бақылауына байланысты екенін атап өтеді.

Терезе ойын алаңы емес, ал бір сәттік бейқамдық орны толмас жағдайға әкеп соғуы мүмкін.