Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы елдің бұрынғы бірінші ханымының қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның тұңғыш президентінің әйелі Сара Назарбаеваның 83 жасында дүние салғаны туралы ақпарат тарады.
“Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді», — деп жазды ол өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Айта кетсек, көптен бері ел алдына шықпай кеткен Сара Алпысқызы Назарбаева (ол өзінің тегін Қонақай деп өзгерткені айтылады) 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. 2025 жылы 84 жасқа толады.
1992 жылы “Бөбек” республикалық балалар қайырымдылық қорын құрды. “Өзін-өзі тану” адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша білім беру жобасының авторы.
2023 жылы Назарбаевтың кітабы жарық көрді, онда ол өзінің екінші отбасы бар екенін алғаш рет мойындады. Мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша ол Исабаева Әселге үйленіп, одан Тауман және Бәйкен атты екі ұл көрген. Сонымен бірге, экс-президенттің айтуынша, Сара Алпысқызы мен оның қыздары жағдайға түсіністікпен қараған.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.