homepage
Depositphotos.com

Түркістан облысындағы зорлау ісі: жәбірленуші мен адвокат сотталды

04.04.2026, 16:02

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігі (сотта көрінеу жалған айғақтар беру) бойынша адвокатқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін зорлау фактісі бойынша қаралған қылмыстық іс барысында жәбірленуші әйел сотта бастапқы шынайы жауабынан бас тартып, күдіктіні жауапкершіліктен құтқару мақсатында жалған айғақ берген.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде жәбірленушінің мұндай қадамға адвокатының ықпалымен барғаны анықталған.

”2026 жылғы 18 ақпандағы сот үкімімен адвокат пен жәбірленуші кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 5 жыл және 6,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Прокуратура өкілдері азаматтарды қылмыстық процесте тек шынайы айғақ беруге шақырып, жалған жауап берудің заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті.