homepage
economicsandpeace.org

Қазақстан терроризм деңгейі бойынша ең қауіпсіз елдердің қатарына енді

04.04.2026, 15:32

Қазақстан терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі ретінде танылды. Бұл туралы 2026 жылға арналған Жаһандық терроризм индексінің (GTI) деректерінде айтылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан ең төменгі – 0.000 көрсеткішке ие болған. Бұл елімізде террористік қауіптің іс жүзінде жоқ екенін білдіреді. Осындай нөлдік көрсеткіш сонымен қатар Қырғызстан, Түрікменстан және Молдова елдеріне де берілген.

Сарапшылардың айтуынша, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі бірқатар факторлардың нәтижесі. Атап айтқанда, қауіптің алдын алуға бағытталған кешенді жүйе, күштік құрылымдардың үйлесімді жұмысы және халықаралық әріптестік маңызды рөл атқарады.

Зерттеуде айтылғандай, мұндай елдерде әуежайлар, теміржол тораптары мен энергетикалық нысандар секілді стратегиялық маңызы бар объектілер заманауи технологиялар арқылы бақылауда ұсталады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізіп, көрші елдермен бірлескен операциялар жүргізеді.

Бұдан бөлек, радикализмнің алдын алу мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Мектептер мен жоғары оқу орындарында қауіпсіздікке қатысты арнайы бағдарламалар енгізіліп, жастарға жалған ақпарат пен экстремистік идеологияға қарсы тұру жолдары үйретілуде.