Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша алқа отырысы өтті. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бүгінде елімізде 30 мың сотталған бар, олардың әрбір үшіншісі бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Мемлекет бір сотталушыны ұстауға жылына 3 миллион теңгеге дейін қаржы бөледі. Осы қаражатқа медициналық қызмет, тамақ, қауіпсіздік және басқа да әлеуметтік қажеттіліктер қамтылады”, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Сонымен қатар сотталғандарды еңбекпен қамту және табысты әлеуметтік бейімдеу халықаралық тәжірибе көрсеткендей, олардың қоғамға қайта интеграциялануын тиімді етеді.
Соталғандарды азаптау дерегі төмендеді ме?
Отырыс барысында сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінде заңдылықты қамтамасыз ету, мекемелерді жаңғырту, сотталғандарды қайта тәрбиелеу және қоғамға бейімдеу мәселелері қаралды.
“2023 жылдан 2025 жылға дейін азаптау фактілері 26-дан 3-ке дейін азайған, ал пробациядағы адамдардың қайталама қылмыс жасауы 20%-ға төмендеген” – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
ҚАЖ жаңа мекемелерді жеке инвесторлардың қатысуымен салу, заманауи құрылыс материалдары мен қауіпсіздік технологияларын қолдану арқылы бюджеттік жүктемені азайтып, сотталғандарды ұстау жағдайын жақсартуды жоспарлап отыр.
Қайта әлеуметтендіру функциялары әкімдіктерге беріліп, үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктеледі.
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, сотталғандар қоғамнан шеттетілмей, оларды заңға бағынатын әрі пайдалы азамат ретінде қайта қалыптастыру – мемлекеттің басты міндеті.