ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ведомстводан хабарлағандай, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде емханаға барғаннан кейін күмәнді қоңыраулар түсетіні туралы ақпарат жиілеген. Белгісіз адамдар өздерін медициналық ұйым қызметкері ретінде таныстырып, SMS-кодтар мен жеке деректерді сұрай бастаған.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар еліміздің түрлі өңірінде тіркеліп жатыр және көбінесе медициналық ұйымдардың қызметіне қатысы жоқ.
Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, әсіресе егде жастағы адамдарды алдауға тырысатыны айтылады.
Қандай сақтық шараларын сақтау керек?
Министрлік азаматтарға мына ережелерді ұмытпауға кеңес береді:
Азаматтар тіркелу мәртебесін eGov.kz/eGov Mobile порталы немесе Damumed арқылы өз бетінше тексере алады.
Медициналық ұйымдарға қабылдауға жазылу да осы цифрлық сервистер арқылы немесе тіркеу бөліміне телефон соғу арқылы жүргізіледі.
Айта кетейік, SMS-кодтар тек жүйеге кіру үшін жіберіледі, ал медицина қызметкерлері телефон арқылы мұндай кодтарды сұрамайды.
Министрлік қазіргі уақытта пациенттердің деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу фактілері тіркелмегенін мәлімдеді.
Дегенмен азаматтарды алдап, жеке мәліметтері мен қаржылық сервистеріне қол жеткізуге бағытталған алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.