homepage
Аlmaty.tv

Жамбыл обысындағы сарбаз өлімі: рота командирінің ісі сотқа жолданды

03.04.2026, 10:18

Жамбыл облысында сарбаз Е. Рустемұлының өліміне қатысты қылмыстық істің бір бөлігі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас әскери прокуратурадан хабарағандай, қайғылы оқиға биыл 27 қаңтарда Гвардейск гарнизонында болған.

Тергеу барысында әскери бөлімнің рота командирі қызметіне салғырт қарағаны анықталды.

“Лауазымды тұлға жеке құрамның қызметін тиісті деңгейде бақыламаған және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын қадағаламаған.

Сондай-ақ қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі де тіркелді”, – делінген ведомство хабарламасында.

Жиналған дәлелдер негізінде қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды.

Ал сарбаз өліміне қатысты басқа мән-жайларды анықтау бойынша тергеу жалғасып жатыр. Іс Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, алдын ала тергеу деректерінің өзге мәліметтері жарияланбайды.