homepage
Depositphotos.com

Шымкентте ер адам туыстарының балаларын зорлады деп күдіктелді

02.04.2026, 18:03

Шымкент қаласында кәмелетке толмаған екі бала өз туысынан зорлық көргені анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаға ұстатарлық оқиға туралы мәліметті құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, әйел 2021 жылы перзентханада жатқанда балаларын туыстарына қалдырған, сол кезеңде бір туыс үш күн бойы 9 жасар балаға, кейін оның інісіне де зорлық жасаған.

“Сонымен қатар кеше белгілі болғандай, сол туыс әйелдің әпкесінің ұлына да бірнеше күн бойы (шамамен бес күн) зорлық жасалған. Қазіргі уақытта ата-аналар полицияға арызданған. Балалар үнсіз қалмай, әділдік талап етуде және кінәлі адамның жауапқа тартылуын қалайды. Айта кетейік, күдікті бұған дейін алаяқтық бойынша сотталған. Біз тергеудің толық, әділ жүргізілуіне және заңды баға берілуіне үміт артамыз", – деп жазды Ракишева.

Белгілі болғандай, бір бала мұндай қорлыққа шыдай алмай, өзіне қол салуға әрекет жасаған.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция куәгерлерден жауап алғанын хабарлады.

"Арызға сәйкес, оқиға 2021 жылы болған. Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық қажетті процессуалдық және тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда. Куәлар тыңдалып, іс үшін маңызды материалдар жиналып, зерттелді. Тергеудің мақсаты – барлық оқиғаларды жан-жақты, толық және әділ анықтау, нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – делінген ПД хабарламасында.