homepage

Сот блогерлер Төребаев пен Шерниязовты мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Juzmedia. kz
26.12.2024, 21:28

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сот жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыру туралы өтінішін қарады.

Айта кетсек, Төребаев пен Шерниязовқа Алмалы аудандық соты 2023 жылғы 23 маусымда Қаржы пирамидасын құру және басқару бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Азаматтық талаптың жалпы сомасы 814 млн теңгеден асқан болатын, ал мемлекеттік баж түріндегі сот шығындары - 8 млн теңге.

Алайда Төребаевтың зиянның өтемегенін, ал Шерниязовтан 15 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж және Жәбірленушілерге өтемақы қорына 58 340 теңге ғана мәжбүрлі төлем өтелгені белгілі болды. 

«Сот талқылауы барысында сотталғанның жазасын неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш хатын қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі саналатын шығынның өтелмегені анықталды», - делінген сот хабарламасында.

Заңға сәйкес, онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қас көйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.

«Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот М.Төребаевтың және М.Шерниязовтың жеке істерінің материалдарын жан-жақты зерттеп, сот қаулысымен өтініш хаттарды қанағаттандырусыз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.