Павлодарда 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қандай заң талаптары өрескел бұзылған?
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 8-бабында мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін сотқа жүгіну 30 күндік мерзімге белгіленген. Алайда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бұл талаптарды жүйелі түрде бұзып келген.
Лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігінен жеткізушінорындалмаған міндеттеме үшін жауапқа тартылмаған. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабының 10-бөлігінде осындай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған.
Прокуратура қадағалауы мен айыппұл
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2025 жылғы 27 қарашадағы шешімі бойынша «Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімінің аппараты» ММ «Әмір» ЖК-не мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылды.
Іс материалдарына сәйкес, өнім берушінің шарттық міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаған. Сондай-ақ бұл факт 2025 жылғы 15 қыркүйекте белгілі болған, алайда талап 2025 жылғы 29 қазанға дейін сотқа берілмеген.
Облыс прокуратурасы аталған нормалардың сақталуын тексеріп, Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қадағалау актісін енгізді.
Соның нәтижесінде 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл бюджетке аударылды.