homepage
Видеодан кадр / YouTube / Exclusive

Санжар Боқаев қандай күдікке ілінді - Бас прокуратура мәлімдеме жасады

02.04.2026, 11:55

Сенатта өткен брифингте Ерлан Өтегенов қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі туралы пікір білдіріп, оған қатысты қандай күдік тағылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, Боқаев ірі көлемде ақша жымқыру ісі бойынша тергеліп жатыр.

«Ол аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру және ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастыру қылмыстарына қатысты күдікті деп танылды», – деді Е. Өтегенов.

Оның бұл құқықбұзушылықтарды қай кезеңде жасағаны туралы сауалға Бас прокурор орынбасары аталған әрекеттердің белсендінің ұлттық компаниялардың бірінде жұмыс істеген кезінде жасалған болуы мүмкін екенін айтты.

«Тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат беріледі», – деді ведомство өкілі.

Айта кетсек. бұған дейін Санжар Бокаевтың екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Қадағалау органының дерегінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі мөлшердегі алаяқтық») және ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу») бойынша тергеліп жатыр.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып жатыр.