NASA араға 54 жыл уақыт салып алғаш рет Айға ғарышкерлерді аттандырды. Artemis II бағдарламасына сәйкес, төрт астронавт Айды айналып ұшып, он күннен кейін Жерге қайта оралады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ғарышкерлер бүгін Айға Астана уақытымен 04:24-де аттанған. Осы оқиғаға орай АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желісінде былай деп жазба қалдырды:
“Artemis II – адамзат жасаған ең қуатты зымырандардың бірі, ол біздің батыл астронавттарымызды бұрын-соңды адам бармаған ғарышқа аттандырады. Біз ғарышта да, Жерде де және оның ішінде барлық салада: экономикада, әскери бағытта және енді жұлдыздардан тыс кеңістікте де алдамыз. Бізге ешкім тең келмейді! Америка тек бәсекелесіп жатқан жоқ, біз үстемдік етудеміз және бүкіл әлем соған куә болды”, – деп жазды Дональд Трамп.
Artemis II миссиясын ғарышкері Рид Уайзман басқарады. Онымен бірге Айға миссия ұшқышы Виктор Гловер, миссия маманы Кристина Кох, сонымен бірге канадалық ғарышкер Джереми Хансен аттанды. Бұл сапар сәтті аяқталса, 2027 жылы үшіншіI, ал 2028 жылы төртінші миссиялар ұйымдастырылады. Төртіншісінде ғарышкерлер Ай бетіне қонуы тиіс. Сондай-ақ, NASA Жер серігінің Оңтүстік полюсінде ай базасын салуды бастайды. Жоба құны – 30 млрд доллар.