Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі көбейіп келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Қаскүнемдер өздерін түрлі компаниялардың, мемлекеттік органдардың немесе жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырады. Олар жалған аккаунттар мен бөтен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон немесе мессенджер арқылы хабарласады.
Алаяқтар әдетте деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қаупі бар екенін айтып, жағдайды әдейі күрделендіреді. Сөйтіп тез шешім қабылдауды талап етіп, психологиялық қысым көрсетеді.
“Қауіпсіз шотқа” ақша аудартады
Кейін олар азаматтарға «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» хабарласатынын айтып, солардың нұсқауын орындауды талап етеді. Осылайша, қарапайым тұрғындарды ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіреді.
Қаражат қолға түскен соң, алаяқтар бірден байланысын үзеді.
Қандай тәсілдер қолданылады?
Қаскүнемдер заманауи технологияларды пайдаланады. Яғни:
Мұндай әдістер азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын төмендетуге бағытталған.
ІІМ қандай кеңес береді?
ІІМ банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертеді.
Тәртіп сақшылары азаматтарды: