ҚР Ішкі істер министрлігі 13 жастағы жасөспірімнің жоғалып кеткен мәлімдеп, ел тұрғындарын іздеу жұмысына атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мәліметке сәйкес, 2012 жылы Абай қаласында туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
Жасөспірімнің белгілері: бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа, 7-сынып оқушысы.
Ер баланың үстінде қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім болған.
“Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарласуға шақырады”, – делінген хабарламада.
Полиция кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, тұрғындарды бей-жай қалмауға үндеді.