homepage
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен босатылды

02.04.2026, 10:19

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Бұл туралы қордың ресми құжаттарына сілтеме жасап бірқатар БАҚ хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мәліметке сәйкес, Досаевтың директорлар кеңесіндегі өкілеттігін тоқтату туралы қабылданған шешім Қаржылық есептілік депозитарийі сайтында жарияланған. Шешім 2026 жылғы 25 наурызда бекітілген.

Қор ақпаратынша, Үкімет қаулысына сәйкес Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқаратын тұлға «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 наурыздағы жарлығымен Ерболат Досаевты Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқаннан кейін оның қордағы өкілеттігі де тоқтатылған.

Қазіргі уақытта Самұрық-Қазына директорлар кеңесінің құрамында алты адам бар. Олардың қатарында Олжас Бектенов, Болат Жәмішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов және Мұхаммед Жәмил әл Рамахи бар.

Айта кетейік, Ерболат Досаев Президент Әкімшілігіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.