Қазақстанда инфляция қарқыны 2026 жылғы наурызда баяулады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, айлық инфляция 0,6% құрады. Бұл ақпан айымен салыстырғанда баға өсімінің 0,5% төмендеуін білдіреді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бағаның өсуімен қатар азық-түлік тауарлары, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызметтер бойынша да баяулады.
Азық-түлік бағасында қандай өзгеріс болды?
Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда әр түрлі бағытта өзгерді. Мысалы:
- Қияр – 22,6% арзандады;
- Пияз – 10,9% төмендеді;
- Қызанақ – 2,6%, қырыққабат – 1,9%, қарақұмық жармасы – 1,2%, шоколадқа бөккен кәмпиттер 0,9% арзандады.
Сондай-ақ кейбір азық-түлік қымбаттады:
- Тәтті бұрыш – 10,7%;
- Банан – 5,4%;
- Қызылша мен сәбіз – 4,2%;
- Айран – 2,3%, бал – 1,8%;
- Қантты печенье мен сиыр бауыры – 1,3%.
Азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерден не арзандады?
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың кейбірі арзандады:
- Шаңсорғыш – 8,2%;
- Үтік – 7,7%;
- Смартфон – 2,7%;
- Автомобиль – 2,3%;
- Әйелдер сөмкесі – 2,1%.
Бағасы қымбаттаған тауарлар:
- Алтын сақина, ас үй пеші – 5,5%;
- Теледидар – 4,1%;
- Сымсыз құлаққап – 2,2%;
- Корвалол – 1,7%, крем – 1,4%, цемент – 1,3%.
Қызметтер арасында баға өзгерісі:
- Бассейн абонементі – 3,3%;
- Электрик қызметтері – 2,1%;
- Кариесті емдеу – 1,6%;
- Қалааралық автобус – 1,1%;
- Автомектеп курстары – 0,8%.
Жылдық инфляция бойынша қай тауарлар қымбаттап, қай түрі арзандады?
2026 жылғы наурыздағы жылдық инфляция 11% болды, ақпанмен салыстырғанда 0,7% төмендеді.
- Азық-түлік: 11,7%;
- Азық-түлік емес тауарлар: 11,3%;
- Ақылы қызметтер: 10%.
Азық-түліктен:
- Қияр – 40,9% арзандады;
- Қызанақ – 16,5%, баклажан – 14,8%, күріш – 5% арзандады;
- Алма – 13,5%, сұлы – 12,9%, кеспе – 12%, қара шай – 6,7% қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
- Сусабын – 13,9%, кір сабын – 7,3% қымбаттады;
- Жайма дастархан – 6,5%, тұсқағаз – 3,3%, бөлме өсімдіктері – 3,2% қымбаттады.
Қызметтер:
- Сәлемдеме жеткізу – 14,3%;
- Мерекелерді ұйымдастыру – 10,8%;
- Теледидарды жөндеу – 7%, балалар орталығы – 6,9% қымбаттады.
Бағаны қалай есептейді?
Тұтыну бағаларының индексі ай сайын есептеледі. Статистика 537 түрлі тауар мен қызметтің бағасын қамтиды. 2026 жылдың қаңтарынан бастап индекс құрамында:
- Азық–түлік тауарлары – 41,1%;
- Азық-түлік емес тауарлар – 28,4%;
- Ақылы қызметтер – 30,5%.