Қазақстанда «7-20-25» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасының жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
II тоқсанға арналған 25 млрд теңге лимит енді қолжетімді болмақ. Бұл бағдарлама арқылы мемлекет 7% жеңілдікті мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның негізгі шарттары
Бағдарлама тек жаңа тұрғын үйлерді сатып алуға арналған. Салынып жатқан немесе екінші нарықтағы пәтерлерге несие қарастырылмайды.
Қандай талап бар?
Қатысу үшін қарыз алушы мен оның жұбайы соңғы 18 ай ішінде тұрғын үйге ие болмаған болуы керек. Бағдарламаны барлық азаматтар пайдалана алады.
Қай банктер жұмыс істейді?
«7-20-25» бағдарламасы бойынша өтінім беруге мүмкіндік беретін 7 банк бар:
Отбасы банк бұл бағдарламаға қатыспайды.
Өтінім қалай беріледі?
Көптеген банктерде алдын ала өтінімді онлайн — сайт немесе мобильдік қосымша арқылы тапсыруға болады. Ал негізгі рәсім әдетте банк бөлімшесінде жүргізіледі. Бұл кезде нақты пәтерді таңдау қажет: кадастрлық нөмірі мен құрылыс компаниясының БСН-ын көрсету міндетті.
Алдын ала өтінім мен негізгі рәсім арасындағы бірнеше ай ішінде пәтер сатылып кетсе, қайта өтінім беру керек болады.
Неліктен банктер өтінімді лимитпен қабылдайды?
Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландыру жоқ: банктер ипотеканы өз қаражатынан береді, кейін Қазақстанның орнықтылық қоры лимит аясында несиелерді сатып алады. Сондықтан банктер лимиттен асып өтінім қабылдауға асықпайды.
Өткен тоқсанның нәтижелері
2026 жылдың басынан 26 наурызға дейін банктер 24 млрд теңгеге 1202 несие рәсімдеді. Ең белсенді өңірлер:
Ал Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындары ең аз несие рәсімдеді, әр өңірде 1–3 несие ғана берілген.