homepage
polisia.kz

Алматыда 14 қылмысты жасырып қалған тергеушіге сот үкімі шықты

01.04.2026, 15:16

Алматы қаласының Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісі сот үкімімен қылмысты жасырғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру тергеушінің 14 қылмыстың болғанын білсе де, оларды қасақана тіркеуден өткізбегенін анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, айыпталушы қылмыстық құқықбұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін өрескел бұзған.

Бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігі бойынша бағаланды.

“Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сондай-ақ сотталған «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Алматы қаласының прокуратурасы сот үкімінің заңға сәйкес орындалатынын атап өтті.