Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) ауаға зиянды қалдықтарды шамадан тыс шығарғаны үшін ірі көлемде айыппұл арқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Зауыт шешімді қайта қаратуға тырысты, бірақ одан ештеңе шықпады. Бұған қоса тағы 20 млн теңге көлемінде қосымша айыппұл салынды. Осылайша, өндіріп алынатын жалпы сома 540 млн теңге болды», — деді Әлібек Бекмұхаметов.
Қазіргі таңда экологиялық талаптардың сақталуы мемлекеттік органның қатаң бақылауында.