«Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобында оңтайландыру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде Астанадағы әкімшілік-басқару персоналының 11 пайызы, яғни 729 адам қысқартуға ілігеді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.
Қор мамандарының есебінше, жұмыстан босатылатын әр қызметкердің орташа айлық жалақысы 762 мың теңге болған. Осы оңтайландыру шаралары арқылы 2026 жылдың тоғыз айында шамамен 5 млрд теңге үнемдеу жоспарланып отыр.
«Өтемақы төлемдері еңбек заңнамасына және қолданыстағы ұжымдық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл көрсеткіш оңтайландырудың түпкілікті тиімділігіне әсер етуі мүмкін», — делінген ресми хабарламада.