homepage
Фото: Ақорда

"The National Interest" журналында Тоқаевтың мақаласы жарияланды

31.03.2026, 16:03

Америкалық “The National Interest” журналында Қазақстан президентінің мақаласы жарияланды. Ол – “Әділетті, қуатты және өркендеген Қазақстанға арналған жаңа Конституция” деп аталады. 

Тоқаев өз мақаласында 15 наурызда өткен Конституциялық референдумды ел тарихындағы ең маңызды кезең деп бағалап, халықтың саяси белсенділігі жоғары болғанын (73,12%) және дауыс бергендердің басым бөлігі (87,15%) бұл өзгерістерді қолдағанын атап өткен. Жаңа Конституция «Мықты Президент, Ықпалды Парламент, Есеп беретін Үкімет» қағидасын ресми түрде бекітіп, президенттік квотаны жою арқылы заң шығарушы биліктің тәуелсіздігін арттырады делінген мақалада. 

“Жаңа заңның ең ауқымды бөлімі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналды. Құжатта жеке өмірге қолсұғылмаушылық пен сот жүйесінің тәуелсіздігіне баса мән берілді. Сонымен қатар, бұл реформалар халықаралық инвесторлар үшін де маңызды сигнал. Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға келетін тікелей инвестицияның 70%-ын иеленіп отыр”, делінген мақалада. 

“The National Interest” — 1985 жылы негізі қаланған, халықаралық саясат пен қауіпсіздік мәселелеріне маманданған америкалық сараптамалық басылым. Ол Вашингтондағы Ұлттық мүдделер орталығының жанынан шығады.