homepage
Фото: ашық дереккөзден

Астанада жылу беру тоқтатылады

31.03.2026, 15:37

Елордада күн райының жылынуына байланысты осы аптада жылу беру тоқтатылуы ықтимал. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Ереже бойынша, егер сырттағы ауа температурасы бес күн бойы қатарынан +10°C-тан жоғары болса, қалада жылу беру тоқтатылады. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері орташа температура +16°C шамасында болмақ.

Апталық ауа райы болжамы:

  • 31 наурыз: күндіз +14°C;

  • 1 сәуір: күндіз +11°C;

  • 2 сәуір: күндіз +15°C;

  • 3-4 сәуір: күн райы +20°C-қа дейін жылынады;

  • 5 сәуір: күндіз +16°C.

Мамандардың айтуынша, антициклон әсерінен Қазақстанға аномальді жылу келеді. Елдің батысында термометр бағаны +20°C, ал оңтүстігінде +23°C-қа дейін көтерілмек.

Алайда, асығыс шешім шығаруға әлі ерте. Болжам бойынша, 15 сәуірден бастап елімізде күн қайта суытып, температура +7°C пен +11°C аралығына дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан жылуды өшіру мәселесі алдағы күндердің нақты райына байланысты болмақ.