homepage
Фото: ашық дереккөзден

Жетісуда екінші рет жер сілкінді

31.03.2026, 12:40

Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші мәрте жер асты дүмпуі тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмологиялық жағдайға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан. Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, дүмпу Астана уақытымен сағат 11:11-де тіркелген.

Жер асты дүмпуінің күші Жаркент,Текелі қалалары мен Жансүгіров ауылында 2 балл көлемінде сезілді.

Төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындардан ешқандай шағым түспеген. Мамандардың айтуынша, қираған ғимараттар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ. «112» құтқару қызметіне де көмек сұрап хабарласқандар болмаған.

Бұл Жетісу өңірінде соңғы тәулікте болған екінші жер сілкінісі. Эпицентр Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде болған. Мамандар жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.