Полицияның мәліметінше, тонау оқиғасы осыдан бір апта бұрын, яғни 22-нен 23 наурызға қараған түні болған. Алайда бұл туралы ақпарат енді ғана жария етілді.
Ұрланған картиналар:
Пьер Огюст Ренуардың кеш кезеңдегі «Балықтар»
Поль Сезанның қарындашпен және акварельмен салған «Шие қосылған натюрморт»
Анри Матисстің «Террасадағы одалиска» акварелі.
Маньяни-Рокка қоры бұл әрекеттің алдын ала мұқият жоспарланғанын, бірақ бейнебақылау жүйесі мен күзеттің жедел қимылы болмағанда шығын көлемі бұдан да үлкен болуы мүмкін екенін айтады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұрланған жәдігерлердің құны миллиондаған еуроға бағаланып жатыр.
Анықтама: Луиджи Маньяни атындағы қорда Тициан, Дюрер, Рубенс және Гойя сияқты ұлы шеберлердің жұмыстары сақталған. Бұл мұражай Италиядағы ең маңызды жеке көркемсурет коллекцияларының бірі саналады.
Айта кетейік, бұл соңғы айлардағы өнер әлеміндегі жалғыз ірі қылмыс емес. 2025 жылдың 19 қазанында Париждегі Луврдан француз монархтарының құны 88 миллион еуро болатын асыл тастары ұрланған болатын. Сол іс бойынша бірнеше күдікті ұсталғанымен, зергерлік бұйымдар әлі табылған жоқ.