Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Juzmedia Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Жер асты дүмпулері 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де болған. Зілзала ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4.4. Қазақстан аумағында дүмпулердің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.