homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Ұлытауда бәс тіккен мемқызметкерлер жұмыстан қуылды

30.03.2026, 12:14

Ұлытау облысының мемлекеттік қызметкерлері жаппай жұмыстан шығарылды. 36 қызметкер, оның ішінде 10 басшы лауазымдарынан айырылды. Олар құмар ойын ойнап, бәс тіккен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Прокурорлық талдау нәтижесінде 36 мемлекеттік қызметкердің, оның ішінде 10 басшының «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені дәлелденді. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға үзілді-кесілді тыйым салынған. Мұндай қадамдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырып, мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтіреді деп есептеледі.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде ереже бұзған барлық қызметкерлер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.