homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Көктемде шыжғырған ыстық

30.03.2026, 11:39

«Қазгидромет» синоптиктері 31 наурыз бен 2 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Оңтүстікте шыжғырған ыстық, ауа темперутаруасы +32 гарудсқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жалпы, республиканың көп бөлігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Тек батыс өңірлер мен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыста өткінші нөсер болып, жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің кей жерлерінде тұман түседі.

Температура көрсеткіштері:

  • Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс: +23...+32°C (ең ыстық аймақтар);
  • Солтүстік-батыс: +17...+26°C;
  • Орталық: +12...+23°C;
  • Шығыс: +5...+22°C;
  • Солтүстік: +13...+20°C;
  • Батыс: Ауа температурасы +20...+25-тен +13...+20°C аралығы.