homepage

Футбол клубының экс-басшысы аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Juzmedia. kz
25.12.2024, 20:14

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Каспий» футбол клубы» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Антикор мәліметінше, олар зорлық-зомбылық әдісін қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деп күдіктеліп отыр.

«Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен үш күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатыстылығы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.