homepage
Фото: juzmedia.kz

Жанабыловтар соты: Дархан Жолшыбеков пен Justking келді

30.03.2026, 11:15

Елордада танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бүгінгі сот отырысына белгілі блогерлер  Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза куәгер ретінде шақырылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев істің мән-жайын жария еткен болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырған деп айыпталып отыр.

Прокурордың уәжі бойынша, Жанабыловтар өздері ұйымдастырған ұтыс ойындары мен науқандардағы сыйлықтарды жеке қаражатына емес, қатысушылардан жиналған ақшаға сатып алған. Алайда олар жарнама кезінде жүлде қорының өз қалталарынан шыққанын айтып, жұртты алдаған көрінеді. Тергеу барысында блогерлерге тиесілі шоттарға жалпы сомасы 247 миллион 653 мың теңге түскені анықталды.

Айта кетейік, 18 наурыздағы сотқа блогерлер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза келмей қалғандықтан, судья оларды мәжбүрлеп алдырту туралы қаулы шығарған еді. Бүгін сот Жолшыбеков Нұрбек Нұртазадан және өзге де куәгерлерден жауап алады. Бұған дейін «сәттілік барабаны» сайтын жасаған маман да тергелген болатын.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.