Қырғызстан тарихында алғаш рет төл валютасы сомды өз елінде басып шығаруға көшті. Президент Садыр Жапаров бұл оқиғаны мемлекет үшін тарихи сәт деп атады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Осыған дейін қырғыз банкноттары шетелде басып шығарылып келсе, енді бұл үрдіс толықтай ел ішінде бақыланады. Республика халықаралық сапа сертификатына ие болып үлгерді. Бұл Қырғызстанның тек өз ақшасын ғана емес, өзге елдердің валюталары мен мемлекеттік құжаттарын да басып шығаруға мүмкіндігі бар дегенді білдіреді.
«Бұл қадам қаржылық тәуелсіздікті нығайтып қана қоймай, экспорт пен экономикалық табыстың жаңа көздерін ашады», — деп атап өтті ел басшысы.