Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирде үздік нәтиже көрсетті. Ол жарыс барысында бірден екі титулды жеңіп алып, турнирдің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдымен Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен, финалда Элина Неплий мен Ксения Лоскутова жұбынан басым түсті. Тартысты өткен кездесу 5:7, 6:4, 10:6 есебімен қазақстандық-ресейлік дуэттің пайдасына шешілді.
Жекелей сында Құламбаева жергілікті теннисші Сонал Патилге қарсы ойнап, турнирдің екінші алтын жүлдесін қоржынға салды. Бұл жеңіс Жібектің халықаралық аренадағы деңгейін тағы бір дәлелдеді.
Айта кетейік, бұл жеңіс Жібек үшін маңызды дайындық кезеңі болды. Енді 10-11 сәуір күні ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады. Астанада өтетін Billie Jean King Cup додасында біздің қыздар Канада құрамасымен кездесетін болады.