homepage
Фото: ашық дереккөзден

Астанада уақытша газ өшіріледі

29.03.2026, 15:16

Астана қаласының әкімдігі мен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өндірістік филиалы жоспарлы жұмыстарға байланысты елордадағы бірқатар тұрғын үйлерде газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Газ беру ертең, 30 наурызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін тоқтатылады. Шектеу Көктал-1 тұрғын алабындағы Құлтума ақын көшесі, 25/1 мекенжайында орналасқан жаңа газдандыру нысанын орта қысымды газ құбырына қосу жұмыстарымен байланысты.

Уақытша қолайсыздықтар келесі көшелердегі үйлерге әсер етеді:

  • Басықара батыр, Нұрбесік, Бақтыбай ақын, Құлтума ақын;
  • Таңжарық Жолдыұлы, Базарлық, Ақтолқын, Бастаңғы, Болашақ көшелері;
  • Сұлама және Ізенді тұйық көшелері (переулок).

Мамандар газ жабдықтары мен есептегіштердің бұзылуын болдырмау үшін тұрғындардан үйдің сыртында, газ құбырының кіреберісінде орналасқан апаттық газ крандарын жауып қоюды сұрайды. Сондай-ақ, жұмыс толық аяқталғанша сыртқы крандарды өз бетінше ашуға қатаң тыйым салынады.

Жөндеу-қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін газ беру қайта қалпына келеді. Бұл туралы абоненттерге қосымша хабарланатын болады.

Егер сұрақ туындаса немесе апаттық жағдай байқалса, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның жедел желісіне хабарласуға болады: телефон: (7172) 55-89-76, WhatsApp: 8 705 597 02 04