homepage
Фото: ашық дереккөзден

Полина Гагаринаның концерті өтпейтін болды

29.03.2026, 11:05

Астанада 5 сәуірге жоспарланған ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерті өтпейтін болды. Бұл туралы Zakazbiletov.kz билет кассасы хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Ұйымдастырушылар концерттің не себепті өтпейтінін нақтыламаған, тек кештің өтпеуіне қос тараптың қатысы жоқ делінген хабарламада. Сатып алынған билеттердің қаражаты 14 күн ішінде иелеріне толықтай қайтарылады.

Бұған дейін желі қолданушылары әншінің саяси ұстанымына байланысты (Ресейдің Украинадағы соғысын қолдауы) бұл концертке қарсылық білдірген болатын.