homepage
Фото: ашық дереккөзден

Беларусь пен Солтүстік Корея стратегиялық серіктес атанды

28.03.2026, 11:11

Беларусь президенті Александр Лукашенко Солтүстік Кореяға алғаш рет ресми сапармен барды. Пхеньянда өткен кездесуде тараптар достық пен ынтымақтастық туралы негізгі құжаттан бөлек, санкциялар құрсауындағы ықпалдастықты нығайтуға бағытталған 9 салалық келісім жасасты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Reuters агенттігінің жазуынша, сапардың басты нәтижесі — Минск пен Пхеньян арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою. Беларусь СІМ басшысы Максим Рыженковтың сөзінше, бұл құжаттар халықаралық оқшаулау жағдайында екі елдің құқықтық базасын нығайтуға тиіс.

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Беларусь президентін «ерекше ілтипатпен» қарсы алды. Екі ел де Украинадағы соғыста Ресейді белсенді қолдап отыр. Солтүстік Корея Мәскеуге оқ-дәрі мен әскери күш жіберсе, Беларусь өз аумағын плацдарм ретінде ұсынып, Ресейдің тактикалық ядролық қаруын орналастыруға келіскен.

Дегенмен, шетелде жүрген беларусь оппозиционері Валерий Цепкало бұл кездесуді «символдық сипатта» деп атайды. Оның пікірінше, бұл сапар — әлемдік оқшауда қалмағанын көрсетуге тырысқан «имидждік қадам» ғана.

Қызық жайт: АҚШ президенті Дональд Трамп бұл аймақтағы байланыстарды қайта жандандыруға мүдделі. Ақ үй өткен жылы Минскпен тікелей байланысты қалпына келтірген. Қазіргі уақытта АҚШ Беларусь билігінен саяси тұтқындарды (Мария Колесникова, Виктор Бабарико, Сергей Тихановский және т.б.) босатуды талап етіп, оның өтеуіне санкцияларды жұмсартуды ұсынып отыр.