Түркістан облысының прокуратурасы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК қызметінен 928 млн теңгені жымқыру схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қылмыстық схема қалай жұмыс істеген?
Тергеу мәліметінше, 2022-2025 жылдар аралығында мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлері тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде төлем тапсырмаларына көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Олар заңсыз әрекеттерін жасыру үшін төлем құжаттарына бірдей кәсіпкерлік нысандарының ЖСН-ін жазып, тек атауларын ғана өзгертіп отырған. Іс жүзінде бұл кәсіпкерлер ешқандай тауар жеткізбеген және қызмет көрсетпеген.
Кімдер ұсталды?
Мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. 26 наурызда осы іске қатысы бар деген күдікпен 4 лауазымды тұлға қамауға алынды:
Қазіргі уақытта облыстық прокуратураның арнайы прокурорлары өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.