homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Астана – Павлодар тасжолын су басты

28.03.2026, 09:10

27 наурыз күні кешке «Астана – Шідерті – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 117-шақырымында еріген қар суы жол жиегінен асып, жолды басып қалған. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, су шамамен 50 метр аумаққа жайылып, оның тереңдігі 15–20 сантиметрге жеткен, деп жазады Juzmedia.kz.

Көліктер кедергісіз өтіп жатыр, кептеліс байқалмайды. Жолдың қауіпті учаскесінде арнайы белгі бағаналары орнатылып, кезекшілік ұйымдастырылды.

Оқиға орнында құтқарушылар мен жол қызметтері жұмыс істеп жатыр. Су ағынын реттеу және жол жиегін шайып кетуден сақтау үшін арнайы қорғаныс үйінділері (бөгеттер) салынып жатыр.

Мамандардың айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Арнайы техника жұмылдырылып, жағдай тәулік бойы бақылауға алынды. Жүргізушілерге аталған бағытта сақ болуы керектігі ескертіледі.