homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірген күдікті өзіне қол жұмсады

27.03.2026, 16:39

Қарағанды облысында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдіктінің мәйіті табылды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шаралары кезінде ер адамның денесін тапты. Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне тіркелген қаруды өзіне атып, қол жұмсаған.

Қайғылы жағдай 26 наурызда Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінде орын алған. 38 жастағы әйел мен оның 12 жасар қызының мәйіті табылды. Екеуі де зорлықпен өлтірілген.

«Олардың денелерінен зорлықпен өлім белгілері табылды. Орын алған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр», — деп хабарлаған еді Қарағанды облысының полиция департаменті.