Алматыдағы үш адамның өмірін қиған жол апаты Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынып, полиция басшылығында ауқымды кадрлық тазалау басталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министр Ержан Сәденовтің бұйрығымен Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметінен босатылды.
Қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған. Жоғары жылдамдықпен келген Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-пен соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тапты. Кейін белгілі болғандай, сол түні аталған аумақта жылдамдықты 250 км/сағ-қа дейін асырған заңсыз түнгі жарыстар ұйымдастырылған.
ІІМ бұл істе «ешкім жауапкершіліктен сытылып кетпейтінін» және жағдайдың ушығуына жол берген барлық лауазымды тұлға жазаланатынын қатаң ескертті.