homepage
фото: коллаж Juzmedia

Juz пікір: "Сақалдыларды сап тыймаса, барымыздан айырыламыз"

27.03.2026, 14:53

«Бұл – ұлт қауіпсіздігі мәселесі. Ваххабистер таңертеңнен кешке дейін әлеуметтік желіде отырып, бізді өз тілімізден, дәстүрімізден, тіпті мерекемізден де айырғысы келеді. Олар көп және өте агрессивті болып барады. Біз зайырлы мемлекетпіз және діни пропагандаға тыйым салатын заң қабылдайтын уақыт әлдеқашан туды. Мен дінге қарсы емеспін, бұл әркімнің жеке таңдауы. Мен де Құдайға сенетін адаммын. Бірақ, мұны мұндай агрессиямен жеткізіп, өз ережесін таңудың қажеті жоқ. Әркім үнсіз сеніп, үнсіз құлшылық жасауы қажет. Әйтпесе, сақалды еркектер мен үсті-басын орап алған әйелдер таңертеңнен кешке дейін бізге қалай өмір сүріп, не арам, не адал екенін айтып, бізді тұсау кесер секілді өз дәстүрімізден айнытып жатқаны шынымен өте қорқынышты. Үндемей қалуға енді болмайды. Мен өз елімнің болашағы үшін алаңдаймын. Қаңтар оқиғасында осы сақалдылар біздің қаламызды қиратқанын ұмытпаған боларсыздар?! Сондықтан, әріптестерімді, зиялы қауымды үн қосуға шақырамын. Өкінішке қарай, отандық әртістердің көбі осы ағымда жүр, олардың көзі ашылып, жақын арада адасып жүргендерін түсінеді деп сенемін». 

Баян Алагөзова, продюсер