homepage
Фото: juzmedia.kz коллажы

Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылды

27.03.2026, 14:07

Перизат Қайраттың жымқырған ақшасына алған дүниелері аукционға шықты. Бүгін 79,4 млн теңгелік Mercedes-Benz S450 сатылымға қойылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алаяқтықпен айыпталып, 10 жылға сотталған оның мүлкі 2026 жылдың 7 сәуірінде сатылады. 

Қаржы мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың элиталық жылжымайтын мүліктерін (Akbulak Riviera, Highvill кешендеріндегі пәтерлер), Lexus LX 600, Mercedes EQE секілді қымбат көліктерін және гүл бизнесіндегі (Rebel Flowers) үлесін тәркілеген. Тізімде Loro Piana-ның 9 жұп аяқ киімі, Hermes, Chanel белдіктері және Cartier, Dior брендтерінің көзілдіріктері бар.

Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталды. Тергеу мәліметінше, ол халықтың ақшасына элиталық жылжымайтын мүлік сатып алып, шетелде саяхаттап, сәнді өмір сүрген.