homepage
Фото: ашық дереккөзден

Тhreаds-те «әскерде зорландым» деген алаяқ ұсталды

27.03.2026, 11:09

Астанада әскердегі «зорлық-зомбылық» туралы ойдан шығарылған оқиға арқылы ақша жинаған 23 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіне хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Күдікті Threads желісінде анонимді аккаунт арқылы «бір жыл бұрын әскерде командирімнен зорлық көрдім» деген жалған жазба жариялаған. Ол «шетелге қашу үшін» жұрттан қаржылай көмек сұрап, банк деректемелерін қалдырған. Ақша жинау үшін ол өзінің 17 жастағы танысының картасын пайдаланыпты. Оған «шоттарым бұғатталды» деп өтірік айтып, небәрі екі күн ішінде 100-ден астам аударым қабылдаған.

Полиция тексеріс барысында ұсталған азаматтың мүлдем әскерде болмағанын анықтады. Ол бұл қадамға тек оңай олжа табу үшін барғанын мойындады. Қазір жалған ақпарат тарату және алаяқтық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың ресми тұлғалардың бейнесін дипфейктехнологиясы арқылы жасап, жаңа айла-тәсілдерді қолдана бастағанын ескертеді.