Көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі – 1 сәуір. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға төлемді кешіктірмеу керектігін ескертеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
2025 жылғы салықты есептеу үшін 3 932 теңге (БЖЗҚ/АЕК) мөлшері негізге алынады. Салық сомасы туралы ақпарат банктердің (Kaspi, Halyk және т.б.) қосымшаларында PUSH-хабарлама ретінде жіберілді. Сондай-ақ МКК порталындағы «Жеке тұлғалардың алдағы төлемдері» сервисінен көруге болады.
Төлем кешіккен жағдайда 2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл (пеня) есептеледі. Ал 10 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіру шаралары іске қосылады. Қарыз 1 АЕК-тен асса салық бұйрығы шығарылып, іс сот орындаушыларына беріледі (бұл қосымша шығын әкеледі). Қарыз 40 АЕК-тен асса борышкердің Қазақстаннан сыртқа шығуына тыйым салынуы мүмкін.