Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚҰЛАҒАН ҰШАҚ ӨРТКЕ ОРАНҒАН
Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды.
«Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері мен психологтары жұмыс істеп жатыр.
ҰШАҚ БОРТЫНДА ҚАНША ЖОЛАУШЫ БОЛҒАН?
Сондай-ақ Көлік министрлігінен хабарлағандай, арнайы тергеу Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған
«Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған», - делінген хабарламада.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің, Көліктегі полиция департаментінің және Бас көлік прокуратурасының басшылығы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы шықты.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.
«Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» , - делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қосымша мәліметтер жария етуге жатпайды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ
Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.
«Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды», - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.
ҚАНША АДАМ ТІРІ ҚАЛДЫ?
Соңғы мәліметке сүйенсек, тірі қалғандар саны 27 адам екені анықталды.
ЖОЛАУШЫЛАР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Әуе тасымаллаушы компаниядан хабарлағандай, AZAL J2-8243 Баку-Грозный рейсінде болған жолаушылар тізімі:
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.